Жүкті екенін білмеген 18 жастағы ару дәретханада босанып қалды

0
65
Advertisement

Оңтүстік Уэльсте 18 жастағы бойжеткен емхана дәретханасында босанып қалды. Алайда ол осы сәтке дейін өзінің жүкті екенін білмеген, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Мейрамханада даяшы болып жұмыс істейтін Дайон Сиборн бірнеше күн бойы белінің ауырғанын айтып жүреді. Бұған жұмыста арқасын ауыртып алғаны себеп болған шығар деп ойлайды. Қаралу үшін емханада қалған бойжеткен түнгі сағат үштер шамасында дәретханада босанып қалады. Осылайша ол күтпеген жерден қызды болды.

Нәресте дін-аман, есімі – Лилли-Мэй.

«Жедел жәрдем шақыру батырмасына жете алмағандықтан, медбикені дауыстап көмекке шақырдым. Қызымды дәретхана унитазында бір-ақ көрдім. Дәл қазір медбикелер оның денсаулығын тексеріп жатыр», – деді жас ана.

Сиборн 18 жастағы сүйіктісі Кэллум Морриске дереу хабарласып, сүйінші хабарды жеткізген.

«Сіз оның түрін көруіңіз керек еді. Ол күлкісін тоқтата алмай, қызын жақсы көретінін және оны құшақтайтынын айтты», – деді бойжеткен.

Жас келіншек жүктіліктің ешқандай белгілерін сезінбегенін айтуда.

«Менің етеккірім тоқтаған емес, сондықтан жүкті болуым мүмкін деген ой үш ұйықтасам да түсіме кірмеген еді. Мен өзімді жақсы сезіндім», – деді ол.

Бойжеткен алкогольді өте сирек ішетінінің арқасында баласының денсаулығына зиян келмегенін алға тартты.