Жүкті әйел құрбысының сәбиін 13-ші қабаттан лақтырып жіберді

Орыс астанасында әйел адам құрбысының емізулі баласын 13-ші қабаттан лақтырып жіберген. Сәби тіл тартпай өлген.
«Пәтерде сәбидің анасы мен танысы болған. Алдын ала мәлімет бойынша, әйелдің құрбысы баланы терезеден лақтырып жіберген. Нәресте алған жарақатынан көз жұмды», — деді РФ ТК Бас тергеу басқармасының өкілі Юлия Иванова.
Қазіргі таңда тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бұл фактіге қатысты «Кішкентай баланы өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Lenta.ru.
Құқыққорғау органдары сәбидің 13-ші қабаттағы пәтердің терезесінен құлағанын нақтылады.
«112» Telegram-каналдың ақпаратынша, баланы лақтырған әйелдің есімі – Дарья. Ол өзі де сәби күтіп жүр, құрбысының үйіне жүкті әйелдерге арналған бандажды алып кетуге келген.