Home Жаңалықтар Мүфтият жыныс ауыстырудың шариғаттағы үкімін айтты

Мүфтият жыныс ауыстырудың шариғаттағы үкімін айтты

0
615

Шариғи тұрғыдан бір мүшені екінші бір мүшеге ауыстыруға тыйым салынады, – деді Діни басқарма.

Дүниежүзілік мұсылман лигасына қарасты Ислами Фиқһи Академиясы өзінің он бірінші отырысында осы мәселе жөнінде: «Аталық жыныс мүшелері толық жетілген ер кісінің немесе аналық жыныс мүшелері толық жетілген әйелдің жыныс мүшесін қарсы тараптың жыныс мүшесіне ауыстыруы харам іс.

Бұл үлкен күнәлардың қатарына жатады. Мұндай сорақы іске қадам басқан адам жазаға лайық болады. Өйткені бұл іс Алланың жаратқан жаратылысын өзгерткенмен тең»-деген шешім шығарған.

Үкім:

«Жоғарыда келтірілген дәйекті дәлелдер негізінде шариғи тұрғыдан ер кісінің жыныс мүшесін әйелдің жыныс мүшесіне ауыстыруы немесе әйел баласының жыныстық мүшесін ер кісінің жыныстық мүшесіне ауыстыруы харам деп айтуға толық негіз бар» деп пәтуа берді Мүфтият.

1$, 5$, 10$... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету