Жүйкесі әбден тозған мұғалім балалардың көзінше күйеуін пышақтап тастады
Әлеуметтік желіде бастауыш сынып мұғалімінің күйеуін пышақтап тастағаны туралы жаңалық қызу талқыға түсті.
Ресейде 33 жастағы ұстаз дастархан басында 35 жастағы күйеуімен сөзге келіп қалып, кейін оның кеудесіне пышақ сұғып алады. Ерлі-зайыпты бұл кезде ұстаздың туған күнін атап өтіп отырған. Кенет бір-біріне балағат сөз айтып, әйел балаларының көзінше қылмысқа барады.
Ер адам ауруханаға жеткізілді. Жағдайы ауыр. Ал мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғалды.