Home Жаңалықтар 1 желтоқсанда Алматы мен Нұр-Сұлтандағы ойын-сауық орталықтары қалай жұмыс істейді

1 желтоқсанда Алматы мен Нұр-Сұлтандағы ойын-сауық орталықтары қалай жұмыс істейді

0
207
Сурет: Tengrinews.kz

Қыстың бірінші күні Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы ойын-сауық орталықтары мен қоғамдық көліктердің қалай жұмыс істейтіні белгілі болды, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі Тұңғыш Президент күні қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмысын жалғастыратынын айтты. Елорданың бас мемлекеттік санитардәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көліктің жұмысына жұмыс күндері және сенбі күндері рұқсат етіледі, ал жексенбі күндері тыйым салынады. Жол жүру төлемі тек қолма-қол ақшасыз жүргізіледі.

Ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен базарлар да қалыпты режимде жұмыс істейтін болады. Ал салют және бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді дейді әкімдіктегілер. Алматыда 1 желтоқсанда қоғамдық көлік бұрынғы режимде жұмыс істейді.

Санэпидбақылау департаменті сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен базарлар бұрынғы режимде жұмыс істейтінін хабарлады. Салют болмайды.