Жоқ пәтерлерді «жалға» беруші алаяқтар саны азаймай тұр

0

Алматыда жоқ пәтерлерді жалға беретін алаяқ ұсталды, деп хабарлайды kznews.kz сайты қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22 жастағы жігіт интернет-сайтқа пәтер беру туралы жалған хабарландыру жариялап, өзінің заңсыз әрекетін іске асырып келген.

Күдікті жоқ пәтердің бағасын нарықтағыдан әлдеқайда төмен етіп қойған. Ол жалға алушылармен телефон арқылы сөйлесіп, төлемді алдын ала жасауын сұрап, ақшаны алғаннан соң бірден байланысты үзіп отырған.

Алаяқ бірнеше жергілікті тұрғындардың полицияға хабарласуынан кейін құрықталды.

«Алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 190 бабы 3 бөлігінің 4 тармағы бойынша қылмыстық іс тергелуде. Бұл кезеңде оның осыған ұқсас 8 эпизодқа қатысы бар екендігі анықталды. Анықталғандай, әр клиенттен күдікті 130 мың теңге, қосымша 50 мың теңгені құрайтын алдын-ала төлемді алды, дейді  Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Күдіктіге қатысты алдын-ала тергеу кезеңінде қамау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Оралбай Мергенбайұлы