Жолаушылар ұшағы шұғыл түрде жүгері алқабына қонды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ұшқыштың айтуынша, қозғалтқыштан ақаулық шығып, жүгері алқабына апаттық жағдайда қонуға тура келген

НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан — Sputnik. Аргентинада Буэнос-Айрес маңында Cessna жеке меншік ұшағы апаттық жағдайда жүгері алқабына қонды. Ұшақтың ішінде тоғыз адам болған

Оқиға сенбі жергілікті уақыт бойынша сағат 08:30 шамасында болған. Ұшақ Буэнос-Айрес жанындағы Отаменди қаласының әуежайынан ұшып шыққан, деп хабарлайды Infobae порталы.

Ауа райы қолайсыздау болғанымен, ұшуға қауіпсіз деп бағаланады. Жаңбыр жауып тұрған.

Аспанға көтерілгеннен кейін қозғалтқыштардың бірінен ақаулық шығып, ұшқыш Мирамар қаласынан бірнеше шақырым жердегі жүгері алқабына қонуға мәжбүр болды.

«Қозғалтқыш істемей қалды. Сондықтан біз ашық алаң іздедік», — дейді ұшқыш.

Әуе апатынан ешкім зардап шеккен жоқ, бірақ ұшақ әжептәуір бүлінген.

Ресейде 15 тамызда Мәскеу түбіндегі Жуковский әуежайынан ұшып шыққан «Орал әуе желісі» компаниясының ұшағы жүгері алқабына қонған еді. Бортта 226 жолаушы мен жеті экипаж мүшесі болған. Әуежайдан ұшып шыққан ұшақ көкте шағалалармен соқтығысады. Құстар қозғалтқышка кіріп кеткен. Төтенше жағдайлар министрлігі 10 адамның зардап шеккенін хабарлады, оның үшеуі бала.



sputniknews.kz