Қазақстанда 30 желтоқсанда қандай маңызды оқиғалар болады

0

Sputnik Қазақстан агенттігі 30 желтоқсанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 1-6 қаңтар аралығында не жоспарланғанын біле аласыз

30 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде – Қазақстан Республикасы үкіметінің 2019 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу барысы және 2020 жылға арналған жобасы (Аккредитация +7 (7172) 75 00 10, 74 58 64 телефондары немесе press.kpm@mail.ru электронды поштасы арқылы жасалады).

12:20 – ҚР президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР президентінің жолдауын іске асыру аясында аса ауыр қылмыстарға қатысты заңнаманы қатаңдату шараларына арналған баспасөз конференциясы өтеді. Шараға ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов, ҚР парламентінің мәжіліс депутаты Қанат Мусин қатысады (БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша +7 (7172) 55-93-47 телефоны немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша хабарласуға болады)

14.00 – «Жолаушылар тасымалы» АҚ жаңа вагондарының тұсаукесері өтеді. Вагондар «Тұлпар» отандық зауытында ресейлік технология бойынша дайындалған («Нұр-Сұлтан-1» теміржол вокзалы. БАҚ өкілдері сағат 14.00-де жиналады. Байланыс телефондары: +7-7172-600-198, +7-701-414-2976, Гүлнар, +7-701-600-33-39 Дина; pressa_pp@bk.ru).

31 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қарт адамдарға арналған мерекелік концерт. Концерт мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді (Көктал 1, Аққорған көшесі, 2). 

2 қаңтарға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

19.00 –»Хор Турецкого» арт-группасының концерті (Республика сарайы).

3 қаңтарға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

11.00 — «Ледяное сердце-2» атты шоу. Оған кәсіби фигуристер қатысады (Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы).

5 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – «В поисках Деда Мороза» жаңа жылдық ертегісі қойылады (Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры, байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

15.00 – «Трансформеры в поисках планеты» жаңа жылдық шоуы өтеді («Астана» концерт залы (бұрынғы «Конгресс-Холл»). Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

6 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, хор жетекшісі Ержан Дәуітовтың жетекшілігімен «Астана Опера» хорының гала-концерті өтеді («Астана Опера» театры).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz