Жоғалған алматылық студент жігіт өлі күйінде табылды — Қазақстан жаңалықтары

Алматыда 19 мамырдан бері іздеуде жүрген Ілияс Егізбаевтың өлі денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Еріктілердің инстаграмдағы volontery_almaty_lider.kz аккаунтындағы ақпаратқа сәйкес, Егізбаев өлі күйінде табылған.
«Ілияс Егізбаевтың денесі бүгін таулы аймақта табылды. Сот-медициналық сараптаманы тағайындалды», — деді Алматы қаласының полиция департаментінде.
Ілияс 19 мамырда түстен кейін үйден шығып кеткен. Ол туыстарына серуендеуге кеткенін айтқан. Белгілі болғандай, отбасында жанжал болмаған.
stan.kz