«Қазмедиада» карантин жарияланды: «Еуразия» телеарнасының екі қызметкерінен коронавирус анықталды – Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазмедиа» орталығында жұмыс істейтін  «Еуразия» телеарнасының екі қызметкерінен коронавирус анықталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі..

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, алдын-алу мақсатында 18-20 мамыр аралығында Қонаев көшесі, 4 мекен-жайы бойынша орналасқан «Қазмедиа орталығы» ғимаратында жұмыс істейтін 200-ге жуық қызметкер COVID-19 сынағынан өткен.

«Евразия Бірінші арнасының екі қызметкерінде коронавирус анықталды. Олар ауруханаға жіберілді. Телеарнаның жұмысы эпидемияға қарсы қатаң режимге көшті. Арна басшылығы жұмысшыларды мүмкіндігінше қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыруы керек», – деді әкімдік.

Сонымен қатар, «Қазмедиа орталығы» ғимаратында 22 мамыр мен 7 маусым аралығында ғимаратқа кіруге қатаң карантиндік шаралар мен шектеулер енгізілген.

Орталық қызметкерлері барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтауға міндетті: маска киіп, қолдарын тазалап, қашықтық сақтап, дезинфекциялау құралдарын пайдаланып дымқыл тазалауды жүргізіп жүруі тиіс.

Сондай-ақ, «Қазмедиа» орталығының әкімшілігі «Еуразия» арнасы басшылығына ғимаратқа келетін қызметкерлер санын азайтып, жұмысшылардың көпшілігін қашықтан жұмысқа жіберуді ұсынды.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз