Жезөкшенің рөлін сомдаған Бүркіттің қарындасы сүйіктісін көрсетті (фото) — новости Казахстана
Әсел Асқар дүйім жұртқа біраз уақыттан бері жасырып келген сүйіктісін көрсетті. Бүркіттің қарындасы жүрегін жаулаған жігітпен түскен суретін Instagram парақшасына жариялаған. Ең қызығы, желідегілер танымал арудың ғашығы мен оның бірінші некеде туған ұлының өзара қатты ұқсайтынын айтқан деп жазады NUR.KZ.
Желіде поэзиямен танылған ару жүрегінің жартысын тапқан көрінеді. Әсел Асқардың таңдауы Айбек есімді жігітке түскен. Бұған дейін сүйіктісінің бет-әлпетін көрсетпеген ол, бүгінде оны елге таныстырды.
Бүркіттің қарындасы мен оның ғашығының суреті желіде қызу талқыға түсті. Көпшілік азаматты Әселдің ұлына қатты ұқсатуда.
Оған қоса, желі оқырмандары арасынан танымал арудың сүйіктісін танитындар да табылған.
«Бұл менің сыныптасым Айбек қой», «Ұлыңыз айнымайды екен мына азаматтан. Әкесі ме?» , «Бұрынғы күйеуіңіз осы ма?» , «Күйеуіңіз бе? Әлде жігітіңіз ба?» , «Бақытты болыңыздар. Ақыры тауыпсыз ғой махаббатыңызды, қуаныштымыз» , «Мына жігіт өзінен кіші көрінеді. Жасы бір 17-де секілді» , — деп жазуда желідегілер.
Айта кетейік, Әсел Асқар бұған дейін тұрмыста болып, кейіннен ажырасып кеткен. Арудың бірінші некеден ұлы бар.
Сонымен қатар, актрисаның қазіргі сүйіктісі онымен бірге ерсі видеоға түскен болатын. Ол бейнежазбада Бүркіттің қарындасы жезөкше рөлін сомдаса, ғашығы онымен төсектес болған азаматтың кейпінде болған.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz