Ашық сабақ Білім беру салысы: Коммуникация. Бөлімі: Сөйлеуді дамыту. Тақырыбы: «Елін сүйген

0









Ашық сабақ Білім беру салысы: Коммуникация. Бөлімі: Сөйлеуді дамыту. Тақырыбы: «Елін сүйген — Елбасы»

Автор: Мусралинова Гульзада Кабдулмэликовна

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-29


Материал туралы қысқаша түсінік

Ашық сабақ. Білім беру салысы: Коммуникация.Бөлімі: Сөйлеуді дамыту. Тақырыбы: «Елін сүйген — Елбасы»




Екібастұз қаласы әкімдігі білім Коммунальное государственное бөлімінің №2 «Балдырган» казенное предприятие ясли-сад № 2бөбектер бақшасы коммуналдық «Балдырган» отдела образования мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. акимата города Экибастуза.

Ашық сабақБілім беру салысы: Коммуникация.Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.Тақырыбы: «Елін сүйген —  Елбасы»

Тәрбиеші: Мусралинова Г.К.

2018 ж.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті картасы

ТәрбиешініңТАӘ:_______________ Тобы: ІI-кіші «Ә»Өтпелі тақырып: Менің Қазақстаным.Білім беру салысы: Коммуникация.Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.Тақырыбы: «Елін сүйген —  Елбасы»Мақсаты: Қазақстан Республикасының елбасы Н. Ә. Назарбаев атамыз туралы мағлұмат беру.Міндеттері: 1.Білімділік: Президент күні туралы ұғымдарын қалыптастыру. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.2.Дамытушылық: Рәміздермен таныстыру, Президентіміздің ұстанымы мен өмір жолын үлгі етіп, балалардың ой – өрісін дамыту.3.Тәрбиелік: Балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.Сөздік жұмыс: Ту, Елтаңба, Әнұран.Құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: Суреттер, Елтаңба, Ту.

Тәрбиешінің әрекеті Балалар қызметі Есеп
+
Кіріспебөлім Шаттық шеңбері:Сәлем саған Алтын күн!Сәлем саған Жер ана!Сәлем саған достарым!Сендерді көрсем қуанамын.Сәлеметсіздер ме қонақтар! Балалар шеңберге тұрып, бір–біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Негізгібөлім Балалар, бүгінгі тақырыптық оқу іс – әрекетіміздің тақырыбы: «Елін бастаған – Елбасы» — Балалар, барлығымыз бірге әнұранды орындаймыз.— Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?

— Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?

— Біздің елбасымыз кім?— Ия, балалар, біздің бүгінгі сабағымызда Нұрсұлтан атамызға арналмақ. Себебі 1-ші желтоқсан ең бірінші тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан атамызды сайлаған күн.  

— Қазір балалар Елбасымыз қай қалада тұрады?— Бұл қала біздің елордамыз.Ал Астанада не бар? — Елбасымыз Нұрсұлтан атамыз тәуелсіздік, еркіндік үшін күресіп Отанымыздың болашағы, балаларды қорғауға, білімді азамат етіп өсіруге күш салып, қаншама еңбек етті. ҚР Мемлекеттік туы 1992 жылы 4 маусымда бекітілді. Авторы: Шәкен Ниязбеков. ҚР Мемлекеттік елтаңбасы 1992 жылы 4 маусымда бекітілді. Авторлары: Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уалиханов. ҚР Мемлекеттік әнұраны сөзін жазған Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған Шәмші Қалдаяқов. Әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Біздің Қазақстан өте үлкен, көп ұлтты мемлекет. Бәріміз бір үлкен жанұямыз, бір-бірімізді сыйлап, тату-тәтті өмір сүрудеміз. Сондықтан біз өз жерімізді, өз елімізді қадірлеуге, қорғауға тиістіміз.Сөздік жұмыс: Ту, елтаңба, әнұран.

Әнұранды орындайды.— Қазақстан Республикасында. — Елтаңба, Көк ту, Әнұран. — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол президент.   

— Астанада — Бәйтерек.

Мұқият тыңдап отырады.

Қайталайды: Ту, елтаңба, әнұран.

Қортындыбөлім Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін белгілейді.

Күтілетін нәтиже:ЖаңғыртадыҚР Мемлекеттік рәміздерін, президентін, оларға сипаттама беруді  біледі.Түсінеді: Еліміздің рәміздерін құрметтеуді, сұрақтарға жауап беруді біледі.Қолданады:  Патриоттық сезім болуы керек.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.