Жезөкшеге айып тағылмады. Ер адам күшті оргазм әсерінен өліп кетті

0

Оңтүстік Африкадағы Малави Республикасында ер адам жезөкшемен жыныстық қатынас кезінде ажал құшты. Бұл туралы Daily Star жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.

35 жастағы Чарльз Маджава Фаломбе қаласында жезөкшеге барып, жыныстық қатынас кезінде есінен танып қалды. Әйел дереу жедел жәрдем шақырмай, алдымен әріптестерінен кеңес сұрауды жөн көрген.

Медициналық сараптама нәтижесінде «мидағы қан тамырларының жарылуын тудырған шамадан тыс оргазм» себебінен көз жұмғаны белгілі болды.

Полиция әйелдің Мадхаваның өліміне жауап бермейтінін және оған ешқандай айып тағылмайтынын хабарлады.