«Жетісайдың күйеу баласы»: Мұсылманша некесін қидырған Qanay келіншегін көрсетті

0

Қалың көпшілікке Qanay лақап атымен танымал Нұрболат Қанай қалыңдығының құлағына сырға салып, ұзатып алды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әншінің таңдауы Жетісайлық бойжеткенге түскен екен. Әлеуметтік желіде өнер иесінің ұзату тойда келіншегімен билеп жүрген видеосы тарады.

“Достар, қызға сырға салды. Мен дайынмын. Жақсы жаңалық. Қызды алып кеттік. Атырау, келіндеріңізді алып келе жатырмын. Қыз артына қараған жоқ. Ыстық жерден ыстық жерге бара жатырмыз”, – дейді Нұрболат Қанай.

Тойда әншінің өнердегі әріптестері де бой көрсетті. Оның ішінде Артур Дәулетияров, әзілкеш Қабдол Тілеков бар.

“Қанай үйленді. Қыз жақтың тойына кетіп бара жатырмыз. Қанай Жетісайдан қыз алды, Жетісайдың күйеу баласы. Жас құдамыз”, – дейді Қабдол Тілеков.

Қалыңдықты көрген желі қолданушылары оның сұлулығына тамсанып, жастарға бақыт тілеп жатты.

“Өте сұлу қыз екен”, “Әдемі, жастар бақытты болсын”, “Qanay-дың келіншегі хас сұлу екен”, “Әп-әдемі”, “Жарасымды жұп”, – деп жазды желідегілер.

Бұған дейін Нұрболат Қанай қалыңдығымен мұсылманша неке қидырғанын мәлімдеген болатын.