Жетісайда көршісі электронды күбісін ұрлап кеткен

0
45
Сурет: http://talgargazeti.kz/?p=18905

Түркістан облысының полицейлері көршісінің үйіне ұрлыққа ??үскенді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай АПБ-не жергілікті тұрғын әйел арызданып келеді. Оның айтуынша, белгісіз біреу түнгі уақытта ауласына кіріп, асханасында тұрған электрондық күбісін жымқырып кеткенін көрсеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Жәбірленушіге келтірілген шығынның көлемі 15 мың теңгені құрады.

Орын алған оқиға бойынша тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел тергеу тобы құрылып, қылмыстық істі ашу мақсатында бірден іске кірісті. Ұрлық болған аймақты бір шолып шығып, айналадағы жақын маңдарды тексерді. Сондай-ақ күдікті болып көрінген азаматтардан түсінік алды. Нәтижесінде осы жайтқа қатысы бар ер кісі анықталып бөлімшеге жеткізілді.

Тергеу барысында күдіктінің жергілікіті тұрғын екені анықталды. Тәртіп сақшылары күдікті ер кісінің түңгі уақытта өз көршісінің үйіне ұрлыққа түскенін ашты. Сонымен қатар күдікті ұрлаған күбіні өз үйіне жасырып қойған. Бүгінгі таңда күдікті азамат өз кінәсін толықтай мойындады. Айғақты зат ретінде алынған электрондық күбі заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бас шарасы қолхатта.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болу және өз мүлкін қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ, ұрлықты болдырмау үшін өзінің шаруашылық аулаларын және үйлерін кіреберістердегі сенімді қоршаумен және құлыптармен нығайту қажет. Қандай да бір мүлік ұрланған немесе жоғалған жағдайда шұғыл “102” телефоны бойынша полицияға хабарлау керек.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету