Тозақтың бары расталды ма?

0

Йемендегі тереңдігі 112 метр болатын, шөл далада орналасқан Бархаут құдығын осы уақытқа дейін ешкім зерттемеген. Жергілікті тұрғындар бұл құдықты “Тозақ құдығы” деп атап кеткен. Өткен аптада дәл осы зерттелмеген құдыққа осман ғалымдары түсіп, ішінде не бар деген сұраққа жауап іздеді деп жазады Bugin.kz

Аталған құдықты көруге келетін саяхатшылардың саны күн сайын артып отыр. Алайда жергілікті халық ол құдыққа жақындамайды. Халықтың мифологиясында бұл жерде жындар мен перілер, жамандық мекендейді деп сенеді.

Табиғаттың таңғажайып құбылысының диаметрі 30 метрге жетеді. Құдықтың түбінде не жатқаны туралы, оның одан әрі тереңдігі қандай деген секілді сұрақтарға жауап табылмаған еді.

Ғалымдар құдықты зерттеу барысында, іштен өлген жыланның денесін, түрлі үңгір маржандарын тапқан. Зерттеу нәтижесінде ол жерден ешқандай ғажайып та, жындар да табылмаған.

“Жан дүниеміз дәл осы зерттеуді қалады. Сондықтан біз бұл зерттеуге тәуекел еттік және біздің шешіміміз жаңа бір ғажайып дүниенің ашылуына, Йемен тарихындағы тағы бір тарихи сәттің орын алуына әсер етеді деп ойлаймыз”, — дейді зерттеушілер.

Құдық ішінен қолаңса иіс шыққан. Дегенмен бұл ешқандай жынның иісі емес. Бұл сондағы өлексе жануарлардың ұзақ жатып қалғаннан пайда болған иістер екенін анықтады.