Жеңіс Қасымбек жаңадан құрылған министрлікке басшылық етеді

0

2018 жылғы 26 желтоқсан 18:36 278

Жеңіс Қасымбек жаңадан құрылған министрлікке басшылық етеді

АСТАНА. ҚазАқпарат — Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ҚазАқпарат Мемлекет басшысы жарлығының толық мәтінін жариялайды.

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалсын. Ол Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 

 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz