Жемқорлықты азайту үшін салық қызметкерлерінің жалақылары өседі

0
322
Сурет: thephilippena

Қазақстан салық органдары қызметкерлерінің жалақысын көтеріп, жоғары білікті кадрларды ұстап қалудың, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетудің бірыңғай формасын енгізгісі келеді, деді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев. Бұл туралы kaz.orda.kz сайты жазды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі» мен «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мемлекеттік кірістер қызметкерлері жалақының төмендігі, әлеуметтік сенімсіздік пен жоғары жауапкершілікке байланысты сыбайлас жемқорлыққа бейім екенін мәлімдеді», – деді министр.

Ол сондай-ақ, бұл жағдай алған білімдері мен дағдыларын жеке секторда жиі қолданатын тәжірибелі жұмысшылардың жоғалуына әкелетіндігін айтты.

«Осыған байланысты негізгі жалақыға үстемеақымен шендерді енгізу және бірыңғай форманы енгізу ұсынылды. Бұл шаралар жоғары білікті кадрларды сақтауға, үздіксіз жұмысты қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының мәртебесін көтеруге мүмкіндік береді», – деді министр.