Жемқорлықпен ұсталып, сотталған полиция қызметкері бас дәрігердің көмекшісіне айналған
Шымкент қаласының №1 ауруханасының ұжымы Бас дәрігер Абылай Донбайға және оның көмекшісіне тағы да шағымданады. Ауруханада заңсыздық жалғасуда және әкімшіліктің бұл бассыздықпен шаруасы да жоқ. Аурухана қызметкерлері бас дәрігерден бұрын жемқорлықпен ұсталып, сотталған полиция қызметкері Бақтияр Бауыржанұлын қандай негізде жұмысқа орналастырғанын сұрайды.