Тоғыз жыл қос ағасынан зорлық көрген бойжеткен көз жұмды

0

Ақтау қаласының тумасы Жангүл екі жасында жетім қалып, әжесімен, екі әпкесімен және олардың отбасыларымен бірге тұрған. Жеті жасынан бастап оны тоғыз жыл қатарынан екі ағасы зорлап келгені анықталды. Кейін жасөпірім тамырын кесіп, психикалық ауруханаға түскен.

Полиция қылмыстық іс қозғады, қылмыскерлерлер қамауға алынды, ал қыздар балалар үйіне жіберілді. Тамыз айында зорлық-зомбылық көрсетушілер босатылды. 2022 жылдың 28 қыркүйегінде ол мектептен шығып, биіктіктен секіріп, көз жұмды. Бұл туралы Facebook-те Жанна Ким жазды.
фото, ақпарат: http://egovpress.kz