Жем-шөп тапшылығынан малды сатуға мәжбүр

0
120
Жем-шөп тапшылығынан малды сатуға мәжбүр


Қыс тақаған сайын Түркіменстанның Лебап уәлаятының халқы бар малын сатуға талпынып жатыр.

Биыл қуаңшылық болғандықтан, оны асырауға жем-шөп тапшы, – деп хабарлайды Сentralasian.org.

Көпшілігі малды сатуға мәжбүр, өйткені олар қыста жем-шөп жетпей қалуы мүмкін деп қорқады.

Жергілікті малшылардың айтуынша, биыл сиырлар өткен жылға қарағанда аса дилы емес. Ал қыс басталарда малдың салмақ қосқаны дұрыс. «Әйтпесе аяз ұрған уақытта арық сиырлар қыстан аман шықпайды», – деді ол.

Көпшілік малды сатуға талпынғанына қарамастан, базарда баға өткен жылға қарағанда жоғары болып тұр.

Биыл «Түркіменмаллары» мемлекеттік кәсіпорыны да қыс жақындағанда мал сата бастаған, деді осы өңірде мал шарушылығымен айналысатын тағы бір тұрғын.