Желіні шулатқан видеодан кейін магистранттар оқудан шығарылды
Қысқа сілтеме алу
https://sputniknews.kz/images/201/47/2014746.jpg
Sputnik Қазақстан
https://sputniknews.kz/society/20200121/12586981/zheli-video.html
Сот төрелігі академиясында білім алып жүрген магистранттар шетелдік тағылымдамаға жұмсалған қаражатты мемлекетке өтеуі тиіс
НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар — Sputnik. Даулы видеодағы сегіз магистрант Жоғары сот жанындағы сот төрелігі академиясынан оқудан шығарылды, деп хабарлайды 24.kz.
Олар шетелдік сапар мен оқуға кеткен шығынды мемлекетке толықтай қайтаратын болады.
Әлеуметтік желіде қазақстандық магистранттардың Германияда алкогольдік ішімдік ішіп, билеп жүрген видеосы тарап кеткен болатын. Олардың Жоғарғы сот жанындағы сот төрелігі академиясының магистранттары екені анықталды. Германияның Висмар қаласындағы Hochshule Wismar – University of Applies Sciences-те екі апталық тағылымдамаға барған.
sputniknews.kz