Желіде Facebook-ке тіркелген 3 миллион қазақстандықтың мәліметтері тарады

0
112

Желіде қазақстандық Facebook-қолданушылардың 3 миллионнан аса дерегі тарады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызметі хабарлады.

«МТҚ» АҚ ақпараттық қауіпсіздік оқиғасын тергеу аясында Facebook әлеуметтік желісіне тіркелген 3 миллионнан аса қазақстандық қолданушының деректері әшкере болғаны анықталды.

Кеше хакерлік форум қолданушыларының бірі Facebook әлеуметтік желісінің 106 елден 533 миллионнан аса қолданушысы туралы мәліметтер базасын жариялады.

Зерттелген материалдар бойынша, Қазақстан Республикасының қолданушыларына қатысты 3 214 990 жол көлеміндегі мәлімет – аты-жөні, телефоны, елі/тұрғылықты қаласы, жұмыс орны және оқуы көрсетілген анпарат жария болған,» – деді мемлекеттік техникалық қызмет өкілдері.

Ведомство желіде дербес деректер жариялануының салдары парақша иелері үшін қауіпті болуы мүмкін екенін атап өтті.

Мемлекеттік техникалық қызмет зиянкестердің құрбаны болу қаупі бар екенін ескертті: жеке тұлғаға қатысты кез келген ақпаратты жариялау; қоқан-лоқы; банк картасынан заңсыз ақша шығару; жеке өмірге араласу; балаларға қауіп-қатер төндіру, мысалы, олар оқитын мектептер туралы мәліметтерді БАҚ-та жариялау.

Жеке мәліметтердің әлеуметтік желілерде жариялану қаупін азайту үшін KZ-CERT қызметінің кеңестері:

  • Facebook, Instagram, ВКонтакте, Одноклассники және басқа да әлеуметтік желілердегі парақшалардың құпия параметрлері, күрделі құпиясөз және көпфакторлы аутентификация арқылы қауіпсіз ету;
  • Негізгі пошта жәшігіңізді қауіпсіз қылуыңыз керек, атап айтқанда, көпфакторлы аутентификацияны қосыңыз, барлық құпия сөзді өзгертіңіз.
  • сенімсіз кілтсөздер қолданбау керек. Әлсіз комбинациялар ештеңеден қорғамайды.
  • әлеуметтік желіде жеке мәліметтерді, дәлірек айтқанда, паспорт, банк картасы және басқа да маңызды құжаттардың фотосуреттерін жарияламау.