Желі қолданушысымен дөрекі сөйлескен Теміртау әкімі облыс басшысынан сөз естіді

0

Теміртау әкімі желідегі қолданушысына құрметсіздікпен қарағаны үшін облыс әкімінің сынына қалды. 

akim

Теміртау әкімі Ғалым Әшімов парақшасында желі қолданушысымен дөрекі түрде сөйлескен. Осы әрекеті үшін облыс әкімінен сөз естіді. 

Бұл туралы қоғам белсендісі Жан Ботаев жазды. 

«Мен 4 мамыр күні Instagram желісінен әкімнің пікірін оқығанда оның халықпен сөйлесуін дөрекілік деп жатты. Әшімов мемлекеттік қызметкердің этикалық кодексін бұзған», — деді Ботаев. 

Әкім мен желі қолданушысының әңгімесі қала тазалығы жайында болды. Hopperalex атымен тіркелген қолданушы коммуналды қызметкерлердің қаланы дұрыс тазаламайтынын айтты. Әкім шара қолдануға уәде берді. 

Желі қолданушысы «біз, қала тұрғындары, сіздердің тікелей жұмыс берушілеріңіз, ұйымның жазаланғанын қалай білеміз?», — деп жазды.

Оған әкім «Сіз менің жұмыс берушім емессіз, олардың сіздерден айырмашылығы — олар жұмыс істейді. Не істейтінімізді сіз шешпейсіз», — деп жауап берді. 

Қала тұрғыны Александр Павлов әкімді жауапқа алуға дейін жеткізді. 

«Әкім мемлекеттік қызметкердің этикалық кодексін бұзды. Тәкаппарлық танытып, халықпен арадағы киікілжің туғызды», — дейді тұрғын.

Бұған облыс әкімі Ерлан Қошанов жауап берді.

«Сіздің өтінішіңіз бойынша, Теміртау әкімімен түсіндіру жұмысы жүргізіліп, мемлекеттік қызметкердің әлеуметтік желіде этиканы сақтау туралы әдебі айтылды», — деді облыс әкімі. 

stan.kz