Жексенбі күні Молдовада парламент сайлауы өтеді
Молдовада жексенбі күні парламент сайлауы басталады. Сайлауға 15 саяси партия қатысады. Сайлаушылар Молдова парламентінің 101 депутатын төрт жылға сайлайды. Парламентте басымдыққа ие болғандар болашақ үкімет құрамын анықтайды.
Әлеуметтік сауалнама нәтижесі парламентке негізінен үш партия кіруі мүмкін екенін көрсеткен: ресейшіл президенттік Социалистер партиясы (20 пайыз), Еуропамен байланысты нығайтуды көздейтін оппозициялық ACUM («Қазір») блогы және олигарх Влад Плахотнюктің басқарушы Демократтар партиясы (9 пайыз).
Сайлау алғаш рет аралас сайлау жүйесі бойынша өтеді яғни, 50 депутат партиялық тізім бойынша, 51 депутат жеке сайлау округтерінде сайланады. Сайлау учаскелеріне алғаш рет камералар орнатылып отыр.