Шымкентте әйел қоғамдық көлікте көз жұмды

0
153

Полицейлер егде жастағы әйелдің туысқандарын іздестіріп жатыр

АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Шымкентте зейнеткер әйел қоғамдық көлікте көз жұмды, деп хабарлайды elitar.kz.

Зейнеткер авобуста өзін жайсыз сезініп, есінен танған. Сегіз минуттан келген жедел жәрдем бригадасы әйелдің өлімін тіркеді.

Қартаң әйелдің қасында ешкім болмаған, құжаттары мен телефоны да жоқ.

Автобус жолаушысының мәйіті полицейлерге тапсырылды. Әйел шамамен 74-75 жаста болған.

«Туысқаным жоғалды деп әзірге ешкім жүгінген жоқ, қазіргі таңда әйелдің неден көз жұмғаны анықталып жатыр. Туысқандары мен жақындарын да іздестіріп жатырмыз», – деді полицейлер.



sputniknews.kz