Жеке мектеп — орта білім берудегі прогрестің қозғалтқыштарының бірі
Әрбір ата-ана өз баласына жарқын болашақты қамтамасыз еткісі келеді, ал жарқын болашақ – бұл ең алдымен жақсы, сапалы білім!
Республикада білім беру сапасын жақсартудың бір тәсілі — бұл мемлекеттік, сондай-ақ жекеменшік мектептер арасында бәсекелестік ортаны құру.
Осылайша, 2018 жылдан бастап мемлекет мемлекеттік білім беру тапсырысын жеке мектептерде орналастыруды заңнамалық түрде көздеп отыр.
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде тіркелген және орта білім беруде білім беру қызметімен айналасу құқығына лицензиясы бар кез келген кәсіпкер қатыса алады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысына еңбекақы төлеу қоры, оқу шығыстары, ғимаратты ұстауға арналған шығыстар, күрделі шығыстар сияқты шығыстар кіреді.
Бұдан басқа, мемлекет мектептер мен интернаттардын құрылысына немесе қайта жаңартуға жұмсалған шығыстарды өтейді:
— жеке мектеп құрылысы үшін — жылына бір оқушыға 96 АЕК;
— интернат құрылысы үшін — жылына бір оқушыға 122 АЕК;
— мектеп пен интернатты қайта жаңарту үшін — жылына бір оқушыға 47 АЕК.
Барлық ынталандырушы компоненттер нақты контингент бойынша 8 жыл ішінде өтеледі, бірақ жобалық қуаттан аспайды.
Бұл шаралар жеке инвесторлар үшін белсенді қатысуға және жаңа мектептер мен интернаттар ашуға түрткі болды. Осылайша, жекеменшік мектептер саны 121-ден 236-ға дейін өсті.
Бүгінгі таңда мемлекеттік білім беру тапсырысы 55 мыңнан астам білім алушыны қамти отырып, республиканың 200-ден астам жеке меншік орта білім беру ұйымдарында орналастырылуда.
Біздің мемлекетіміздің біліміне немқұрайлы қарамайтын және балаларымыздың болашағына инвестиция салуға белсенді қатысатын және дайын барлық кәсіпкерлерге зор алғысымызды білдіреміз!
Толық ақпаратты «Қаржы орталығы» АҚ-ның www.investschool.fincenter.kz ресми сайтынан, , біздің телеграм-каналдан https://t.me/investfincenterkz немесе 8-705-198-01-01, 8-7172-695-127 нөмірлеріне қоңырау шалу арқылы алуға болады.