«Жек көрсең де еврейді қолда!» дейтін ел, сонысымен алға кетіп қалды емес пе?!
«Жек көрсең де еврейді қолда!» дейтін ел, сонысымен алға кетіп қалды емес пе?!
Бірінің бетін бірі тырнаған қазақ. Қазақтың қазаққа ғана тырнағы сояудай, тісі балтадай, тілі — у мен зәр. Грамматикасы әлсіз болса да бәрі білімді. Содан келгенде бөлінгіш.
Руды айтпағанның өзінде: оралман дейді, жерлік дейді, уахаб дейді, зікірші дейді, орысқұл, арабқұл, қытайқұл, тағысын тағы, толып жатыр. Тек өзінің бағытын дұрыс деу үшін басқаларды құрбандыққа аямай шалып жіберетін қазақты көргенде, «осы шынымен қазақ па?» деп ойлайсың.
«Қазақтың жауы — қазақ» деген сөзді жек көрсем де мойындадым.
Бірін-бірі мойындамауды құлдық психология дейді.
Осы жаман әдет бізде қашаннан бар? Кешегі кеңестің озбырлығы қазаққа ерекше өтті дейді біреу. Кеңестің боданында болған елдің бәрі сол нәубетті бастан кешті емес пе?!
Аман болсақ әлі талай қиындықты көрерміз. «Ауыл иті ала болса да, бөрі келгенде бірігеді» дегеннен де қалып барамыз. ІШТЕН ІРІДІК ҚОЙ, АҒАЙЫН!? «Жек көрсең де еврейді қолда!» дейтін ел, сонысымен алға кетіп қалды емес пе?! Жақсы да болсаң — өзімсің, жаман да болсаң — өзімсің, бізге кім мінсізін әкеліп береді?!
Шынайы махаббатты күтіп жүрмей)), жек көрсек те бірігейікші! ЫНТЫМАҚҚА КЕЛЕЙІК!!! Мына түрімізбен тәуелсіздік қолдан шығып кетпесін?!
facebook.com парақшасынан
Көрілген: 4 Пікірлер: 0