Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Бар екен ғой)

0

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Бар екен ғой) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Бар екен ғой) на казахском языке

Бар екен ғой, бар екен жақсы адамдар!
Жақсы жоқ деп айтпаңдар, бəтшағарлар!
Ренжісең қайсыбір жандарға сен,
Күл шашпа кір шалмаған ақша қарға.

Суық деп ойладымда ақша қарды,
Суыт болып адамдар жат саналды,
Сәл жылынса, қар дейтін ериді екен,
Ағыл-тегіл суарып бақшаларды.

Күйі бөтен демеймін, үйі бөтен,
Жақсы адамдар бар екен, сүйіп өтем.
Жамандарды іздемен,өзі-ақ табылар,
Жақсыларды табуың қиын екен…