“Жазушылар Одағының бойына қан жүгіртетін үлкен реформалар керек”. Тоқаевқа ашық хат
Аса мәртебелі Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Өзіңіздің бастамаңызбен біз Жаңа әрі Әділетті Қазақстанды құрудың даңғыл жолына түстік. Әділетті қоғам құрып жатырмыз, ал әділетті қоғам руханиятқа да, оның ішінде әдебиетке де арқа сүйейтіні жалған емес.
Әдебиетсіз қоғамның дамымайтыны бесенеден белгілі. Осы себепті Қазақстан Жазушылар одағының келешегі алты алашты алаңдатып отыр. Өйткені, «Әдебиет – ұлттың жаны» (Ж.Аймауытов).
Бәріміздің көкейімізде Жазушылар одағының ертеңгі өтетін құрылтайында «Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы кім болуы керек?» деген сауал тұр.
Біз бұл ұйымға жаман аты шықпаған, ар-ұятына кір жұқпаған, әрі талантты, әрі іскер азамат басшы болғанын қалаймыз. Әрине, мұндай жоғары талапқа сай келетін адамды табу оңай емес. Бірақ, біздің ойымызша, ондай қаламгер бар, ол – жазушы Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ.
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ – ХХ ғасырдың 80-90-жылдары әдебиетке келген буынның талантты өкілі, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты. Талантымен ғана емес, іскерлік, ұйымдастырушылық қабілетімен де көзге түскен азамат. Бірнеше газетке бас редактор, ірі медиахолдингтің бас директоры, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, факультеттің деканы қызметтерін абыроймен атқарған. Үлкен ұжымдарды басқарған тәжірибесі мол.
Жаңа әрі Әділетті Қазақстанды құру жолында Жазушылар Одағының бойына қан жүгіртетін үлкен реформалар керек. Ал, оны жүзеге асыру әдебиетті ардың ісі деп санайтын, үлкен-кішіге бірдей, орта буын өкіліне сеніп тапсырылуы қажет.
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, біздің – жазушылардың пікірін қаперіңізге аларсыз деп сенеміз.
Құрметпен,
Тынымбай НҰРМАҒАМБЕТОВ,
жазушы,
Мемлекеттік сыйлықтың иегері,
Темірхан МЕДЕТБЕК,
ақын,
Мемлекеттік сыйлықтың иегері,
Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ,
ақын,
Мемлекеттік сыйлықтың иегері,
Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ,
ақын,
Мемлекеттік сыйлықтың иегері,
Байбота ҚОШЫМ-НОҒАЙ,
ақын,
халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты,
Несіп ЖҮНІСБАЙҰЛЫ,
жазушы,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
Болат ҮСЕНБАЕВ,
ақын,
халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты,
Нұрғали ОРАЗ,
жазушы,
халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты,
Темірғали КӨПБАЕВ,
ақын,
халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты,
Асқар АЛТАЙ,
жазушы,
халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты,
Кәдірбек Құныпияев
Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ,
сыншы,
халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты
Маралтай РАЙЫМБЕКҰЛЫ,
ақын,
халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты,
Жарас СӘРСЕК,
ақын,
халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты,
Мұрат ШАЙМАРАН,
ақын,
Жұмекен Нәжімеденов атындағы сыйлықтың лауреаты,
Әлібек ШЕГЕБАЙ,
ақын,
халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты,
Бекжан ӘШІРБАЕВ,
ақын,
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты,
Бауыржан ӘЛІҚОЖА,
ақын,
«Серпер» жастар сыйлығының лауреаты