Жанар Дұғалова сахнада құлап қалды (ВИДЕО)

0

Танымал әнші Жанар Дұғалованың әлеуметтік желіде Семейде өткен концертте аяғы қайырылып кетіп, құлаған бейнежазбасы тарады.

Әнші “Кім үшін” әнін айтып тұрып, сахнада оңбай құлады. Десе де, өнер иесі ән айтуын тоқтатқан жоқ. Жанындағы адамдар өнер иесінің тұруына көмектесті. Әнші қатты ауырсынған болу керек, сахна жанында тұрған тәртіп сақшыларының біріне сүйеніп тұрып әнін жалғастырды.

Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары аяушылық білдіріп, видео астына түрлі пікір қалдырды.

Болған жағдайдан кейін әншінің аяғына гипс салған суреттері тараған. Соған қарағанда желі қолданушылары өнер иесінің жарақаты ауыр деп топшылады.