Жауын-шашын және қар: 5 қазан ауа райы

0

5 қазан күні еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Күндіз республиканың оңтүстігінде жаңбыр жауады. Қалған аумақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, екпінді жел болжанады.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертен тұман күтіледі. Ақмола облысында көктайғақ болады.

Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні 23-28 м/с жетеді. Жамбыл облысында тұман болады. Күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады. Күндіз Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертен Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болжанады. Сондай-ақ Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Бұдан бөлек, Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл облысының кей жерлерінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.