Жаттықтырушылар Денис Теннің анасы Оксана Тенді қызметінен босатуды сұрайды
ҚР мәнерлеп сырғанаудан жаттықтырушылары Ұлттық коньки тебу федерациясының вице-президенті Оксана Тенді қызметінен босатуды сұрайды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.
Интернетте Оксана Тенді коньки тебу федерациясынан шығаруды талап ететін хат пайда болды. Қол қойған бапкерлердің бірі Айгүл Қуанышеваның айтуынша, қазір қол жинау жүріп жатыр. Жақын күндері құжат Спорт және мәдениет министрлігі мен Ұлттық Олимпиада комитетіне жолданады.
Елордадағы барлық аймақтардағы мәнерлеп сырғанаудан жаттықтырушылар мүддесін қорғаған мемлекеттік жаттықтырушы Мәдениет және спорт министріне осындай мазмұндағы мәлімдеме жолдап үлгерді.
Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.