Абзал Құспан: Біз 11 адамды босатып алдық

0

Абзал Құспан Facebook желісіндегі парақшасында 11 адамды босатып алғандары туралы жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«11 адамды босатып алдық. Денсаулық жағдайына байланысты. Ал 4 адамды қазір ауруханадан шығару керек.

«Тағы қанша адам шығады?» деген журналистің сұрағына «Онымен айналысып жатырмыз, қарап жатырмыз» деп жауап берді ол.

«Олардың жататын орындарына бармаймыз ғой. Оларды адвокаттардың, тергеушілердің кездесетін жеріне алып шығады. Біз жұмысты кеше ғана бастадық. Сенбі күні ғана рұқсат берілді. Бұл бастамамызды президент әкімшілігі қолдайтынын білдіріп, прокуратура органдарымен бірге жұмыс істеуге тапсырма берді. Кешеден бастап арнайы мамандармен материалдарды енді-енді қарап бастадық.

11 адам тек қана қылмыстық іс бойынша босатылды. Олар 272 баппен ұсталған еді.

Мысалыға мына бауырымыздың ешқандай кінәсі жоқ, күзет басқармасында қызметте істейді. Олар керісінше белсенді болады», — деді ол желіде тараған видеода.