Жасырын коронавирус тасымалдаушылар аталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қытай ғалымдары көптеген балаларда коронавирус асимптоматикалық немесе өте жұмсақ түрде өтеді деген тұжырымға келді. Бұл балаларды іс жүзінде жасырын түрдегі қауіпті инфекцияның тасымалдаушысы етеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі MedicalXpress-ке сілтеме жасап.

коронавирус

Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы балалар орталығының мамандары екі айдан 15 жасқа дейінгі 745 баланы COVID-19 жұқтыру оқиғалары тіркелген отбасылардан тексерді. Нәтижесінде 10 бала (1,3 пайыз) жұқтырғаны белгілі болды. Алайда, олардың ешқайсысында ауыр белгілер болған жоқ. Жеті адамның дене қызуы көтеріліп, температурасы 39 болды, бірақ аурудың басқа белгілері жоқ — ересектердегідей бұлшықет ауруы, әлсіздік, тыныс тарылу болмады.

Мұның бәрі балаларды ересек тұрғындар үшін қауіпті етеді.

Сонымен қатар, балалар біраз уақыт тасымалдаушы бола алады. Белгілі болғандай, сауығудан кейін тамағынан және мұрнынан талдамалар алғанда COVID-19 жоқтығын көрсетті, бірақ нәжісті талдағаннан соң коронавирустың әлі де денеде болғандығын көрсетті.

Ғалымдардың пікірінше, балаларды ұзақ уақыт карантинде ұстау керек.

Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде коронавирустың салдарынан қайтыс болғандар саны 6705-ке жетті, инфекцияның жалпы саны 174 786 болды, оның ішінде 77 657 адам қалпына келді.

 

 

 

stan.kz