«Жасыл» даму жалғаса ма? | «Айқын» газеті

0
80

Үкімет үйінде Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ел Пре­зи­денті жанындағы Жасыл экономикаға көшу жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыс аясында Қазақстанның Жасыл экономикаға көшу жөніндегі тұжы­рым­дама­сы­ның 2013-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы қаралды.

Сондай-ақ кеңестің 2019 жылға ар­нал­ған жұмыс кестесі бекітілді. Эко­логиялық жағдайды одан ары жақсарту және жасыл экономикаға сапалы көшуді қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Энергетика министрі Қ.Бозымбаев баяндады. Мә­селені талқылауға Жасыл технологиялар мен инвестициялық ­жо­­ба­лардың халықаралық орталығы­ның басшысы Р.Жошыбаев, Ұлттық ­кәсіп­керлер палатасының басқарма төрағасы А.Мыр­захметов және бас­қалары қатысты.
Бұдан өзге, талқылауға бейнекон­ференция байланысы арқылы Қазақстан Президентінің көмекшісі Е.Жамаубаев, сондай-ақ министрлер, өңірлердің әкім­дері, халықаралық және отандық үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, атап айт­қан­да Орталық Азиядағы қор­шаған орта жөніндегі БҰҰ бағдарлама­сының директоры О.Атымтаев, Қазақ­стандағы БҰҰ Даму бағ­дарламасының тұрақты өкі­лінің орын­ба­сары В.Времиш, Қазақстан­дағы БҰҰДБ тұ­рақты даму және урбани­зация департа­мен­тінің директоры Р.Жәмпейісов атсалысты.
Қазіргі кезде атмосфераны қорғау са­ла­сындағы мемлекеттік саясатты анық­тай­тын негізгі құжаттар – Экологиялық кодекс және Қазақстанның жасыл эко­номикаға көшу жөніндегі тұжырым­да­ма­сы. Үкімет Жалпыұлттық жоспардың би­ылғы 5 қа­занда жарияланған Елбасы Жол­­дауын іске асыру бойынша тармақ­тарын орындау аясында белсенді жұмыстар жүргізуде.
Әзірленіп жатқан жаңа Экологиялық кодекстің жаңашылдықтарының бірі – үздік қолжетімді технологиялар қағи­дасына көшу болады. Оған сәйкес қон­дырғы­лар­дың операторлары қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету мақсатында техноло­гиялық процестерді жетілдіру арқылы атмосфераға зиянды қалдық­тар­дың та­ралуын төмендету бойынша алдын алу шараларын жүзеге асырады.

Дереккөз: Айқын