Жасөспірімдер мінген автобус шыңырауға құлап, жетеуі көз жұмды

0
Жасөспірімдер мінген автобус шыңырауға құлап, жетеуі көз жұмды


Перудің солтүстігінде жасөспірімдер командасын әкеле жатқан автобус шыңырауға құлады, салдарынан жеті адам қаза болып, тағы 11 адам жарақат алған.

Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Сильвия Пессах мәлім етті.

«7 жасөспірім қаза болды. Туыстары мүрделерін таныды», — деп мәлімдеді министр. 

Оқиға жексенбі күні Амасонас аймағына кіретін Чачапояс қаласының маңында болған. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жүргізушісі рульге ие бола алмай, автобус шыңырауға құлаған.

«Зардап шеккен 11 адамның оны — 13-14 жастағы балалар, сондай-ақ бір әйел жарақаттанған», — деп қосты Пессах.

Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді. 

Дереккөз:ҚазАқпарат