Жаңа жобаның тиімділігі мол

0

Тиімділігі айдан анық көрініп отырған жаңа әдіс те бар. Дәл қазір облыстың Целиноград, Бұланды, Зе­ренді, Шортанды ауданда­рындағы білім ошақтарының қазандықтары сенімгерлік басқаруға беріліп отыр. Бір­тіндеп жүзеге асырыла­тын жаңа жоба бойынша бү­гін­гі таңда 178 нысан се­нім­­герлік басқаруға бе­ріл­ген. Бұл жұмыс мынадай жү­йе бойынша жүзеге асы­ры­лады. Ең алдымен аудан әкім­діктеріне білім сала­сы­ның қазандықтарын же­кеменшік компанияларға кейін сатып алуға құқық бер­­­­мейтін сенімгерлік бас­қа­руға келісім бойынша беру. Қаулыға сәйкес тендер комиссиясы құрылып, таңдау қолданыстағы заң аясында жүзеге асырылады. Жеңімпаз анық­талған соң келісімшарт жа­салып, мүлікті тапсыру жү­зеге асырылады.

Жаңа жоба 2017 жылы Це­линоград ауданында қол­ға алынды. Аудандағы 44 мектеп пен 9 балабақша 15 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берілді. Сенімгерлік басқарушылардың негізгі мін­деттерінің бірі – қазан­дық­ты пайдалану кезінде қауіп­сіздікті сақтау. 

– Шалғайдағы шағын бі­лім ошақтарында негізінен қазандықтар мектептің ішін­де орналасқан. Кей жерлерде мектеп үйімен жапсар­лас салынған. Мұның барлығы қауіп­сіздікті сақтау шара­ларына сай келмейді, – дейді облыстық білім беру бас­қар­масы басшысының орынбасары Валерий Гамазов, – оның үстіне ендігі бір тиімді жері мектеп директоры бұ­рынғыдай отын, көмір іздеп, пеш жағушы іздеп әуреге түспейтін болады. Бұл ең алдымен мектеп директорының өзінің тікелей міндетімен айналысуға жағдай туғызады. Яғни бұрынғыдай жылу бе­ру маусымына дайындық қар­саңындағы қарбаластан арылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жол­дауында да мектеп мұға­лім­дері өз міндеттеріне жатпайтын қосалқы жұмыстан арылулары керек деді емес пе? 

Қазандықтарды сенім­гер­лік басқаруға алған компания жылу беру маусымына қажетті отын қорын д­айындайды. Сондай-ақ қа­зандық пен жылу жүйесінің ағымдағы және күрделі жөн­деу жұмыстарын жүр­гізеді. Жоғарыда айтылғандай, егер қазандық талапқа сай салынбаса, белгіленген тәртіпке орай білім ошағынан шығарып ор­наластырады. Қазандық пеш­терінің де моральдық тұр­ғыдан ескіргенін жаңа, тиімдісімен алмастырады. Әрі энер­гия қуатын үнемдейтін жабдықтарды пайдаланады. 

Міне, осындай талаптар аясында өткен жылы «Це­линоградская теплораспредилительная компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз қаражаты есе­­­бінен жалпы құны 308 миллион теңгені құрайтын жұ­­мыс жүргізді. Атап айтатын болсақ, аудандағы бар­­лық мектепке 260 мил­лион теңгенің жаңа қа­зан­дықтары орнатылды. Жаңа қазандықтарды орнату барысында көптен бе­рі шешімін таппай келе жат­қан қазандықтарды білім ошағынан шығару мәселесі де біржола шешімін тапты. Үш мектептің қазандығы мен жылу жүйесіне жалпы құны 45 миллион тең­гені құрайтын жаңғырту жұ­мыстары жүргізілді. Та­лапкер ауылындағы мектеп пен балалар бақшасының қазандықтары ғимараттардан алыс­татылып, жер астынан жылу жүйесі тартылды. Бұл жұмысқа 3 миллион тең­ге қаражат жұмсалды. Отау­түскен ауылындағы білім оша­ғына жаңа үлгідегі жылу қазандығы орнатылды. Жылу ақысы табиғи монополияны реттеу департаментінің бе­кіткен кестесіне сай төленуде. 

2017-2018 оқу жыл­да­рындағы жылу беру маусымына талдау жасаған кезде бюджет қаржысының үнем­делгені анық байқалып отыр. Бұл арада нақты дә­лел келтіре кеткен жөн. Мә­селен, осы оқу жылдарына отын, еңбекақы және салықты қоса есептегенде, 244 миллион теңге бюджет қар­жысы қарастырылса, қазандықтарды сенімгерлік бас­қаруға берген кезде 210 мил­лион теңге қаражат жұм­салды. Тиімділігі көзге ұрып тұр. Үнемделген 34 миллион теңге қаржы білім беру са­ласының өзге мұқтаждығы жұмсалуда. 

Целиноград ауданының жаңа жобаны жүзеге асыру кезінде біршама тиімділікке қол жеткізгендігін көргеннен кейін Бұланды, Зеренді, Шортанды аудандарында осындай жұмыс жүргізілді. 125 нысан сенімгерлік бас­қаруға берілді. Жоғарыда атал­ған аудандардағы бі­лім ошақтарының қазан­дық­тарына техникалық сараптау жүргізіліп, 2018-2019 оқу жылдарына 36,2 миллион теңге қарастырылса, Целиноград ауданы бойынша 10,8 миллион теңге көзделген. Сенімгерлікке алған компа­ния­ның инвестициялық шы­ғыны 47 миллион теңгені құрап отыр. 2018-2019 оқу жылдарындағы жылу беру мау­сымына жұмсалатын бюд­­жет қаржысының қан­ша­лықты үнемделгендігі мау­сым соңында есептелетін болады. 

Қорыта айтқанда, облыс­тағы білім беру саласының 178 қазандығын сенімгерлік бас­қаруға беру тиімділігі тай­ға таңба басқандай көрініп отыр. Жаңа заманның талабына сай қазандықтар қою, бақылауды автоматтандыру білім ошақтарындағы қауіп­сіздікті қамтамасыз етуде. Ал­дағы уақытта облыстың өзге аудандары да осы жүйеге көшпек.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан» 

Ақмола облысы

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз