Жас жігіт карантинде қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді
Үндістан елінде тұратын 18 жастағы Читранш Гупта 40 келіге қалай арықтағанын айтып берді, деп хабарлайды Times of India.
Гупта толық болған кезінде достарының артық салмағына қатысты жиі әзілдегенін айтады. Осы себептен ол өзіне деген сенімін жоғалтқан. Сондай-ақ, ол көпке дейін майлы тамақты сүйіп жегенін жасырмайды.
Көптің мазағынан шаршаған ол өткен жылдың шілде айында арықтаймын деп шешіп, жаттығу залына жазылады.
Қазір ол тұра сала бір стакан жылы су ішеді. Бұдан соң бір шыныаяқ қара кофе кезегі келеді. Алма жеп, жаттығу залына аттанады. Спортпен шұғылданған соң, үйіне келіп жұмыртқаның алты ақуызы мен бір сарысын жейді. Сүтке 50 грамм сұлы жармасынан ботқа пісіріп, жеміс-жидек пен жаңғақ қосады.
Жүрек жалғап алу үшін бір жеміс, бір тілім қара нан және бір қасық жержаңғақ майын қолданады. Түскі асқа сорпа, көкөністен әзірленген тағам, екі нан, 100 грамм ірімшік және салат жейді.
Ал кешке жұмыртқаның сегіз ақуызы мен бір сарысын және салат дайындайды.
Жігіт аптасына 6 рет жаттығуға баратынын айтты.