Жарылған танкте үш күн жатып, аман қалған қазақ жауынгері
Қысқа сілтеме алу
Қазақстаннан аттанған танкист-механик Мақсұт Қабылдин Ұлы Отан соғысы кезінде таңғажайып жағдайда аман қалған. Мүгедек болса да ішкі істер саласында 30 жыл еңбек еткен ол тірі болғанда биыл 100 жасқа толар еді
Майдангер Мақсұт Қабылдиннің бастан өткерген оқиғасын оның ұлы – Каспий құбыр консорциумы бас директорының орынбасары Қайыргелді Қабылдин айтып берді.
1941 жылдың аязды әрі желді желтоқсаны. Аты аңызға айналған Т-34 танкінің экипаж құрамында әскери бөлімдер мен Кеңес әскерлерінің Мәскеу түбінде жауға қарсы шабуылға шыққан кезі. Фронттағы алғашқы сәтсіздіктерден аман өткен Кеңес армиясы жұдырықтай жиналып, жауды Одақ астанасынан қуып шығу үшін батыл әрекетке көшті. Біздің сарбаздарымыз бен офицерлеріміз үлкен шығындарға қарамастан ерліктң үлгісін көрсетіп, Вермахтың дивизияларын батысқа қарай ығыстырды.
Екінші туған күн
«Отыз төрттің» экипажы оқты мергендікпен ату арқылы еппен алға жылжып, жаяу әскерге жол ашты. Жаңбырша жауған оқ пен орасан зор жарылыстар айналаны қаптады. Танкистер сойқан снарядтың бірі танктің сауытты құрышына қалай дөп тигенін сезбей қалды. От пен оқтың арасында кезекті әскери техниканың жарылғанын көп адам байқамады да. Өйткені әскер алға жылжуы керек еді.
Жарылған танкте үш күн жатқан
Үш күннен кейін жерлеушілер деп аталатын топ жойқын ұрыста жойылған Т-34 пен экипаж мүшелерінің денесін байқады. Батырлардың мүрдесін жерлеу колоннасына тиегенде таңғажайып оқиға болды. Механик-жүргізуші қазақ жігітінен тіршілік белгісі сезіледі.
Бұл – экипаж мүшелерінен ішінен жалғыз аман қалған Мақсұт Қабылдин болатын. Дәрігерлер оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізіп, бірнеше ай бойы ем қабылдаған. Мұндай «сәттіліктің» иесі атанған әкем Павлодар облысының тумасы болатын. Содан бері, 5 желтоқсанда біз отбасымызбен Мақсұт Қабылдиннің екінші туған күнін атап өтеміз.
18 жастағы Мақсұт Қабылдин 1938 жылы Қызыл армия қатарына шақырылды. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін ол Беларуссиядағы БТ-2 деп аталатын жеңіл танкті тізгіндеген. Сол жақта жүріп 1941 жылы аты аңызға айналған «Катюшаларды» алғашқы сынақтан өткізген Қабылдин Орша қаласының маңындағы айтулы шайқастарға қатысты. Одан кейін Смоленск маңындағы шайқас, Мәскеу түбіндегі әйгілі қарсы шабуыл…
Қазақтың құрты күш берді
Әкем майдандағы мынадай бір қызықты оқиғаны есіне жиі алатын. Бірде, түнгі шайқас алдында оның бөлімшесіне пошта келген. Қазақстаннан жеткен конверттер мен газеттердің арасында Мақсұт Қабылдинге арналған мұқият оралып, байланған сәлемдеме болған. Ашып қараса ауылынан құрт пен кептірілген жылқы етін салып жіберіпті. Әкем сәлем-сауқатты дереу әріптестеріне үлестіріп беріп, ал хатты өзімен бірге алып қалады.
Оның анасы сол сәлемдемесімен-ақ барлық Кеңес қорғаушыларына арнап: «Құрметті Отан қорғаушылар! Менің аналық тілегім – мықты болыңдар, күш-қуаттарың арта берсін, жауды жойып, аман-есен оралыңдар!» деп жазғандай әсер қалдырған.
Оқи отырыңыз: Ұлы Отан соғысы: қазақ жауынгері мен оның қызметтік иті туралы қызықты әңгіме
Сол түні жеңіс кеңестік бөлімшелер жағында болған. Ал батальон командирі Василий Беляев шайқастан кейін қарамағындағы қазақ солдатына қарата: «Көрдіңіз бе, қазақтың құртының дәмі мен күші де қару ретінде қажет. Қазақ батырлары өз Отанын жаудан батыл қорғады!», – деп айтыпты.
Қылмыспен 30 жыл күрескен
Мәскеу түбіндегі соғыстан кейін ұзақ уақыт емделген әкем 1943 жылы мүгедектігі бойынша Павлодар облысына оралып, жұмысқа қабылданған. Кейін ол өз өмірін анаммен байланыстырып, 10 перзент сүйді.
Ел ішінде еңбек етуі ішкі істер органдарындағы қызметтен басталды. Бұрынғы майдангер 30 жылдан астам уақыт бойы қылмыспен күрескен. Кәдімгі қатардағы милиционерлік қызметтен, облыстық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары лауазымына дейін көтерілді. Сөйтіп майор шенінде құрметті демалысқа шықты.
«Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, «І дәрежелі Ұлы Отан соғысы» орденімен марапатталған.
Әкем 1988 жылы қайтыс болды. Балалары жыл сайын 9 мамырда әкемнің туған жерінде Мақсұт Қабылдинді еске алу шарасы мен қазақ күресінен спорттық жарыс ұйымдастырып тұрады.
Біз үшін әке батылдық пен отансүйгіштіктің үлгісі. Егер ол тірі болғанда 5 мамырда 100 жасқа толар еді.
sputniknews.kz