Тоқаев: Мақтааралда зардап шеккендердің ауыз су мәселесі Өзбекстанмен бірге шешіледі — Қазақстан жаңалықтары

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында зардап шекеннедердің ауыз су мәселесі Өзбекстанмен бірігіп шешілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаев

Бұл туралы президент Twitter парақшасында жазыты. 

«Су ресурстарын тиімді әрі әділ пайдалану мәселесі өзбек тарапымен тығыз байланыста шешілетін болады», — дейді Тоқаев.

Бұған қоса ол үйлері суға кеткендерге материалдық көмек тағайындалатынын айтып кетті.

«Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары жаңа немесе жөндеуден өткен баспанамен қамтамасыз етіледі. Олардың әрқайсысына республикалық бюджеттен 100 мың теңге беріледі. Жағдай бақылауда», — деп жазады Тоқаев.

Еске салайық, бұған дейін Өзбекстан президенті қазақстандықтардан кешірім сұраған болатын 

stan.kz