Жаркентте колледж студенттерін ұрып-соққан мұғалім кешірім сұрады — Тосын жай
Жаркентте колледж студенттерін ұрып-соққан дене шынықтыру пәнінің мұғалімі кешірім сұрады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуразия Бірінші арнасына сілтеме жасап.
«Студенттерден және олардың ата-анасынан кешірім сұраймын. Менің ағаттығым біздің колледж мұғалімдеріне көлеңкесін тигізбеуін қалаймын», — деді Елесіз Бейсенов.
Ол неліктен соққыға жыққанын түсіндірді. «Мен осы топтың кураторы едім және олардың мені тыңдамай сабаққа қатысудың орнына базарға бару үшін қашып кеткені көңіліме қаяу түсірді. Олардың әрекеті көңілімді түсірді. Иә, мен оларды ұрдым, бірақ күш жұмсамадым. Тек желкесінен қойып қалдым. Мұны сол күні жүргізілген медициналық сараптамада көрсетті. Өз ісіме өкінемін, тағы да кешірім сұраймын», — деді Бейсембаев.
Еске салайық, Алматы облысында колледжде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі студенттерді ұрып-соқты. Әлеуметтік желіде оқиға болған сәтте түсірілген видео таралып жатыр. «19-шы СПТУ ұстаздары оқушылармен осылай сөйлеседі. Бұл бүгін бізде Жаркентте болды», — делінген видеоролик сипаттамасында.
Жаркентте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыны ұрып-соққан колледждің директоры сөгіс алды.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz