«Қайрат» ФК сапына жаңа легионер қосылды

0

Алматылық «Қайрат» сапына жаңа легионер келіп қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Халық командасының Инстаграмдағы парақшасында «сары-қаралардың» жейдесін киген футболшы жарияланып, «Бізге кімнің келгенін табыңыздар» деген жазба шыққан.

Суреттегі футболшының сол қолындағы татуировкаға қарасақ, бұл ойыншы Раде Дугалич. Бұған дейін 26 жастағы сербиялық футболшы алматылық клубқа ауысады деп хабарланған еді.

Раденің соңғы клубы ресейлік Премьер-лигада ойнайтын «Енисей» болды. Былтыр «Тосно» сапында Ресей кубогын иеленген.

Жалпы алғанда, Дугалич өз мансабында сербиялық «Раднички», «Радник», «Цар Константин», «Синджелич», босниялық «Олимпик, армениялық «Улисс» сапында ойнады. 2015 жылдан бері Ресейде ойнап жүр. Алдымен, армавирлік «Торпедо», кейін «Тосно» мен «Енисей» сапында өнер көрсетті.

2018/19 жылғы маусымда Дугалич «Енисей» сапында 10 матч өткізіп, бір гол соққан.

 



prosports.kz