Жақсылық Үшкемпiровтің жаназасы туралы ақпарат шықты

0
38

Аса көрнекті Мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Еңбек ері, Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем, Еуропа чемпионы, Жақсылық ҮШКЕМПІРОВ фәни дүниеден бақи дүниеге аттанды.

Жақсылық Үшкемпіровтың жаназасы 4-тамыз, сағат 9 да, Алматы қаласы, «Дубок-2» ықшам ауданы, 136 үйде болады. «Кеңсай-2» зиратына жерленеді.

Ескерту: Қазіргі пандемияға байланысты сақтық шарасы қатаң сақталып, жаназада адамдардың топталмауын сұраймыз. Бұны қауіпсіздік шарасы деп түсінулеріңізді өтінеміз.
Жақсылық Үшкемпіровты ақтық сапарға тек отбасы мен жақын туыстары ғана шығарып салады.