«Жақсы көремін»: Ділназ Ахмадиева павлодарлық сүйіктісін таныстырды  – Қазақстан жаңалықтары

0

Алғашқы некесі сәтсіз аяқталған Ділназ Ахмадиеваға жеке өміріне қатысты сауалдар жиі жолданады. «Тұрмысқа шығатын кез келді, бала табуың керек» – дәл осы сынды пікірлерден әнші шаршаған. Әйткенмен Ахмадиева бүгінде бақытты. 

"Жақсы көремін": Ділназ Ахмадиева павлодарлық сүйіктісін таныстырды 

Қазіргі жігіті жайлы әнші «Түнгі студия» бағдарламасында айтып берді, деп жазады Stan.kz.

«Аты – Азильхан, Павлодар қаласынан келген жігіт. Өзі музыкант және әнші.

Жақсы көремін бұл жігітті. Той қашан екенін білмеймін», – деді Ахмадиева.

Ділназ өзі Азильдо деп еркелететін азаматты не үшін жақсы көретінін бір ғана сөзбен түсіндірді. 

«Еркек», – деп қысқа қайырды ол.

Бұдан бөлек, өнер иесі Қанат Сыбановпен бірігіп түсірген клипі жайлы айтты.

«Қанат 5 жыл бойы артымнан қалмады. Ақырында дуэт пайда болды. Ол кезде ән жоқ еді. Тек осы өлең ғана бізге жарасты», – дейді Ахмадиева. 

Айта кетейік, аталған әнді кезінде Мұрат Насыров орындаған. Ділназ бұған дейін де марқұмның әйгілі «Я это ты» әнін халыққа жаңаша нұсқада ұсынған болатын. 


 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз