Жақсы басшы шығар, бірақ өзін нашар ұстады: Әбдірахымовтың отставкаға кетуі туралы — Қазақстан жаңалықтары
Қазақстандықтар Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың отставкаға кеткені туралы сөз таластырды. Желі қолданушыларының бірі еліміздің басты қалаларының бірінің басшысының ауысқанына ризашылық білдірсе, енді бірі қайта орнына қоюды сұрауда, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әбдірахымовты «халық әкімі» деп атады. Оны орнына қайтару үшін петиция ұсынғандар бар.
«Шыншылдық, фальшсіз жұмыс істеудің нәтижесі осындай», «Сіз саясат үшін өте әділ адамсыз», «Халық сізді жақсы көрді, бастысы сол», «Шымкент өз әкімін мақтан тұтты», — деді пікір қалдырушылар.
Экс-әкімнің желідегі жазылушылары бірнеше ондаған мың адамға артты.
Әбдірахымовтың белсендігін отставкаға кетуге себеп болғанын айтылуда.
Өткен аптада Әбдірахвмов Лондоннан видео жариялады. Ол Қазақстанда жұмыс істеп, әлем елдерінде демалу керегін айтты.
«Шенеуніктер желіде Лондоннан эфирге шығу үшін емес, халықтың мұң-мұқтаждығын білу үшін, оларға уақытында жауап беру үшін аккаунттар ашты. Әкім деген — ол жолдар, жылу, ыстық, суық су, мектеп, балабақша», — деп жазды блогер Жанна Ильичева.
Оның жақтастары әкімді сол видео үшін орнынан алуға себеп болмағанын айтты.
Көпшілігі әкімнің Лондонда жүргенде-ақ отставкаға кететінін білгенін айтты. Айтуларынша, әкім сол себепті елбасы мен алдағы буынға алғысын айтқан.
Шымкент тұрғындары Әбдірахымовтың Жаңа жыл қарсаңында қаланы безендіруге ақша жұмсамай, оның орнына мұқтаждарға киім алып бергенін айтты. Әкімге қаланы көркейткені үшін, Shymkent City мен «Диснейленд» құрылысын қолға алғаны үшін алғыс айтты.
Режисер Ермек Тұрсыновтың ойынша, Әбдірахымовтың бастамалары мен қолға алған жұмыстары аса маңызды емес.
«Алдымен әйелдеріңе ие болыңдар, сосын ел туралы айтасыңдар»: Шымкент әкімі Арыс тұрғындарына ұрысты
«Тұлға қазір танымал болған. Бұрын да көп оқып, ол туралы естігенмін. Қоластындағыларды қоғамдық көлікке мінгізіп, лондон мэрінің үлгісімен велосипедпен жүруге шақырған сол емес пе? Мұғалімді, дәрігерді емес, Қайрат Нұртасты құрметті азамат қылған да сол емес пе?», — дейді ол.
Тұрсынов Әбдірахымовты қараңғы саяси алаңдағы жарық фигура деп атағанмен, саяси элитаға жатқызуға болмайтынын айтты.
«Ол жақсы менеджер, білікті жетекші шығар. Қала мен тұрғындары үшін шынында жақсы жұмыстар атқарған шығар. Оны білмеймін. Сол себепті де сынағым келмейді, бірақ ел алдында өзін нашар ұстады», — дейді режиссер.
Айта кетейік, Ғабидоллар Әбдірахымовтың орнына Шымкент әкімі болып Ерлан Айтаханов тағайындалды. Президент әкімшілігі басшысы Қырымбек Көшербаев Әбдірахымовты сенімді ақтай алмады деп айыптады.
stan.kz