Ғабидолла Әбдірахымов шымкенттіктерге үндеу жасады

0
51

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Әбдірахымовтың орнына Ерлан Айтаханов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов отставкаға кеткеннен кейін қала тұрғындарына үндеу жасады.

«Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Қымбатты достар! Мен үшін Шымкент қаласының әкімі болып жұмыс істегенім үлкен мәртебе және мақтаныш. Осындай мүмкіншілік берген Елбасымызға, президентімізге алғысымды білдіремін», – деп жазды Әбдірахымов Instagram парақшасында.

Тағы оқыңыз: Ғабидолла Әбдірахымов неге қызметінен босатылды?

Экс-әкім қолынан келгенше қаланың дамуына атсалысқанын атап өтіп, Шымкент халқына ризашылығын білдірді.

«Сіздер әрқашан мені қолдадыңыздар. Өзімді өте бақытты адам ретінде сезініп жүрдім. Әр нәрсенің соңы болады бұл өмірде. Жаңалықтар да болады. Жаңадан келген қала басшысына сәттілік тілеймін. Барлықтарыңызға үлкен алғыс айтып, басымды иемін! Аман болыңыздар! Шымкент жайнай берсін!», – деп сөзін аяқтады Ғабидолла Әбдірахымов.

Айта кетейік, 30 шілдеде Түркістан облысы Отырар ауданының бұрынғы әкімі Ерлан Айтаханов Әбдірахымовтың орнына Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды.

Тағы оқыңыз: Ерлан Айтаханов туралы не білеміз?

Президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев Ғабидолла Әбдірахымовтың неге қызметінен босатылғанын «жүріс-тұрысы билікке деген сенімді кетіреді» деп түсіндірді.



sputniknews.kz