Жапонияның солтүстігінде 5,5 балдық жер сілкінді

2018 жылғы 30 желтоқсан 06:09 174

АСТАНА. ҚазАқпарат — Жапонияның солтүстігіндегі Хоккайда аралының оң жағалауында тербелісі 5,5 жер сілкінісі болды. Бұл туралы АҚШ-ың Геологиялық қызметі хабарлады.
Жер асты дүмпуі жергілікті уақытпен сағат 19.08-де тіркелген. Оның ошағы Хоккайда губернаторлығы Токати округіне жататын Обихиро қаласынан оңтүстікке қарай 71 шақырым жерде. Зілзала ошағы 58,3 шақырым тереңде болды.
Әзірге зардап шеккендер мен қирауларға қатысты мәлімет жоқ.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz