Жапониядан Қазақстанға үш жыл жүріп келген саяхатшы боран құрсауында қалған — Қазақстан жаңалықтары
Ливиядан келген танымал саяхатшы Нури Фунас Жапониядан Қазақстанға үш жыл жүріп, Нұр Сұлтанның жанында қарлы боранда қалып қойған, — деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі AlmatyTV-ге сілтеме жасап.
Нури Фунас 1999 жылдан бері саяхаттай бастаған. Осы уақыт ішінде ол әлемнің 140 елінде болды. Үш жыл бұрын ол Жапониядан Нұр-Сұлтанға бет алған, бірақ қаладан үш шақырым жерде ол боранның құрсауында қалған. Ливиялық азамат соңғы жылдары ешбір елде мұндай қатал қысты көрмегенін мойындайды. Оған күннің ашылуын кездейсоқ адамдардың үйінде күтуіне тура келді.
«Мені бешбармақ пен сорпа құтқарды», — дейді саяхатшы.
Бұл оның ең ұзақ сапары емес. Бірде Нури Фунас Африкаға жаяу кеткенде, сапар жеті жылға созылды. Жолда ол жыртқыштардан қашуға мәжбүр болған. Ол Азияда қауіп-қатер аз болғанын айтады, бірақ жолында бірнеше рет қасқырлар кездескен.
Азық-түлікпен және оған қажеттінің бәрімен, келген елдердің елшіліктері көмектеседі екен.
«Менің саяхатым — бұл бүкіл әлемге деген сүйіспеншілік, үндестік туралы хабарлама. Соның арқасында мен көптеген елдердің мәдениетін білдім. Бейбітшілік әрқашан жеңіске жетеді. Менің ойымша, соғысты бейбітшілік пен үйлесімділік жеңе алады. Бұл хабарды бүкіл әлемге жеткізу үшін мен ең биік шыңдарға көтеріліп, бейбітшілік пен келісімге шақыратын бейнежазбаларды жаздым, оларды Африкадағы Килиманджаро шыңынан, Непалдағы Эвересттен және Жапонияның Фуджи тауынан жібердім», — деді Нури Фунас.
Ол дәл сондай хабарламаны Іле Алатауында жазуды жоспарлап отыр. Осыдан кейін саяхатшы Ресей мен Украинаға, ал ол жерден — Ливияға оралады. Осылайша оның бүкіл әлем бойынша саяхаты аяқталады, содан кейін Нури Фунас отбасын құруды жоспарлап отыр.
stan.kz