Бас прокуратура: Әбілязовтың көксегені — жеке басының мүддесі — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР бас прокуратурасының ресми өкілі Оксана Петерс Мұхтар Әбілязовты қоғамға іріткі салып жүрген қандықол қылмыскерге теңеп, оның әрекеттерінен қазақстандықтарды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

БАҚ: Әблязовтың серіктесі АҚШ-та ұсталды

Оксана Петерстің сөзінше, кейбір қазақстандықтар елімізде тыйым салынған ұйымға кім жетекшілік жасайтынын білмейді екен.

«Қазақстан демократиялық таңдауы қозғалысы экстремистік ұйым. Оны кім басқаратынын көпшілілік біле бермейді. Жетекшісі — Мұхтар Әблязов. Оның арбауына түскен кейбір азаматтар — өкінішке орай, оған зор сенім артады. Ол — заңды белден басып ұры, жемқор, алаяқ және адам өлтіруші қылмыскерге айналды. 2005-ші жылы өзінің бизнес серіктесі, БТА банктің төрағасы — Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырғаны ашық сотта дәлелденді. Қылмыскер Тоқмади- Тәтішевті аң аулау кезінде Әблязовтың тапсырысымен өлтіріп, оны жазатайым оқиға ретінде көрсеткенін, ол үшін 4 млн АҚШ долларын алғанын мойындады» — деді бас прокуратура өкілі.

Бұған қоса ол Әбілязовтың басқа да қылмыстарын тізіп айтты. 

«Әблязовтың қылмыстық, қитұрқы әрекеттері сан түрлі болған. Өзі құрған фирмаларға жалған құжаттар арқылы миллиардтаған несиелер беріп, жеке пайдасына жаратқан. Мысалы, ол- өз бақылауындағы жарғылық капиталында небәрі 92 мың теңгесі болған «Рамбурс» серіктестігіне — 103 млрд теңге несие берген. Қылмыстары әшкереленген соң, ол 2009-шы жылы Ресейде, кейін Англияда, 2012 -ші жылы Францияда бас сауғалады. Әблязовтың алаяқтық әрекеттерінен қазақстандықтар ғана емес, француздар, немістер, америкалықтар мен басқалар да зардап шегуде. Миллиардтарды жымқырғаны үшін Ресей, Украина мемлекеттері оған іздеу жариялады», — деп қосты Петерс.

Бас прокуратура қызметкері Әбілязовтың өзін- Қазақстан билігімен қудалауда жүрген саяси қайраткер кейпінде танытып, демократия үшін күресуші ретінде имидж қалыптастыра бастағанын айтып кетті. Оксана Петерстің айтуынша, қашқындағы қылмыскердің осы екіжүздігілігінің мақсаты бір- қылмыстық жауаптылықтан жалтару.

Сонмен қатар прокуратура өкілі Әбілязовтың көксегені — еліміздің тыныштығы, азаматтарымыздың амандығы емес, жеке басының мүддесі, мансабы екендігін жеткізіп, қазақстандықтарды оның араңдатушылығана бой алдырмауға, заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға шақырды. 

stan.kz